preloader

Жаңалықтар

Іле ауданы: «Анама мың алғыс» атты рухани кеш өтті

Іле ауданы: «Анама мың алғыс» атты рухани кеш өтті

Алматы облысы, Іле ауданына қарасты Ақсай ауылдық  мешітінің ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында «Дін мен Дәстүр» бағытының жылдық жоспарына сәйкес «Анама мың алғыс» атты рухани кеш өтті.
Іс-шара  қасиетті Құран аяттарын оқуымен басталып, Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы ата-ананың кадірі жайлы уағыз-насихатын жүргізді. Рухани шараны шәкірттер өздері бас болып, Құран аяттарын қазақша мен арабшасын, хадис, мақал – мәтелдерді айтып, домбырамен ана жайында өлендерін арнады. Жиын соңы аналарға арнайы алғыс хат пен гүл шоқтары табысталды.