preloader

Жаңалықтар

Іле ауданы: «Дін мен Дәстүр 2» кітабы бойынша жамағат арасында сайыс өтті

Іле ауданы: «Дін мен Дәстүр 2» кітабы бойынша жамағат арасында сайыс өтті

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Қараой ауылы «Омарбек» мешітінің ұйымдастыруымен «Дін мен Дәстүр 2» кітабы бойынша жамағат арасында білім сайысы ұйымдастырылды.

Алғы сөзді Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Ринат Маратұлы алып, «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында уағыз айтты. Осыдан кейін Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы қатысушыларға қазылар алқасын таныстырып, жарыстың өткізілу тәртібі мен шарттарын түсіндірді.

Іле ауданына қарасты 24 ауылдан келген 24 үміткердің ішінде І орынды Тілендиев ауылының шәкірті Тұрлығұлов Мәди (100 000 тг) иеленді. ІІ орын Чапай ауылының шәкірті Құрманбай Дамирға (75 000 тг) бұйырса, ІІІ орынды Қоянқұс ауылының шәкірті Көшімбаев Бекжан (50 000 тг) қанағат тұтты.

Марапаттау рәсіміне Қараой ауылдық округінің әкімі Ортыбаев Қайрат Әуелханұлы қатысып, осындай шараларды ұйымдастырудың маңыздылығын тағы бір атап өтті.