ІЛЕ АУДАНЫ: ИМАМДАРҒА СЕМИНАР ӨТТІ
Алматы облысы, Іле ауданына қарасты Таскескен ауылдық мешітінде имамдарға кезекті көшпелі жиналыс өтті.
Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы имамдарға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2025 жылға арналған төрт негізгі бағыты бойынша жұмыстарды егжей-тегжейлі түсіндіріп, тапсырмаларды берді. Сонымен қатар, Алматы облысы бойынша діни оқу-ағарту бағытына жауапты Сакен Еншібайұлы имамдарға оқу-ағарту бағытының іс-шараларымен таныстырып, есеп беру үлгісінің өзгерістерін түсіндіріп өтті.