Іле ауданы: Мешітке қызметтік көлік табысталды
Алматы облысы, Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітіне демеушілердің қолдауымен қызметтік көлік табыстады.
Қасиетті жұма күні өткен игі шарада аудан әкімі жамағатты жұма намазымен құттықтап, мешіттің бас имамы Дархан Аманұлы Тәңірбергенге жаңа көліктің кілтін салтанатты түрде тапсырды.
Іс-шараға Іле ауданының әкімшілік басшылары, Іле ауданының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әмзе ақсақал, және Іле ауданы бойынша аналардың төрайымы қатысып, ыстық лебіздерін білдіріп, шашуларын шашты.
Бұл игі бастама аудан халқының рухани өмірін қолдауға, мешіт қызметінің жандануына бағытталған маңызды қадам болып саналады.



