ІЛЕ АУДАНЫ МЕШІТТЕРІ ТЕКСЕРІЛДІ
Іле ауданы бойынша кураторы, Алматы облысы, “Қапшағай“ облыстық мешітінің наиб имамы Сулейменов Талғат Іле ауданына қарасты 24 мешітінен 14 мешітті тексеріп шықты. Тексерісті Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінен бастады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы кенес беру парағы бойынша мешіттердің кітап сөрелері, имамдардың әдебі, киім үлгісі, мешіттің ішкі-сыртқы тазалығы қаралды. Бірнеше мешітке ескертулер жасалды.