ІЛЕ АУДАНЫ: ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРАН БАЙҚАУЫНА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА САРАПТАМА ӨТТІ
Алматы облысы, Іле ауданына қарасты Батыр ауылдық «NUR-ISLAM» мешітінде аудан деңгейінде жасөспірімдер арасында «Құран – мәңгі мұғжиза» атты 30-парасын жатқа оқу бойынша Құран жарысы өтті. Сайысқа 44 жасөспірімдер қатысты.
Іс-шара Бектұр қаридың қасиетті Құран аяттарын оқуымен басталып, Даулетияр Сағитжан мырза батасын берді.
Алматы облысы бойынша діни оқу-ағарту бағытына жауапты имам Сакен Еншібайұлы көпшілікке Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының сәлемін жеткізіп, 2-ші ақпанда облыстық Құран байқауы өтетінің ескертіп және әр ауданда дайындық өтіп жатқанынды айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Төрелік еткен: Абдулов Нуриддин, Бувраев Хусниддин, Өмірханов Бектұр қарилар.
Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы білім алудың маңыздылығы жайлы насихат айтып, Бектұр қари қатысушыларға сайыстың шарттарын түсіндірді.
Жүзден жүйрік демекші І орынды Н.Тлендиев ауылдық «Сманқұл» мешітінен Оралұлы Абдулла иеленіп, (50 000 тг) ұтып алды. ІІ орын Боралдай кенті Водник ы/а «Арын қажы» мешітінен Жанғалиұлы Арсланали (30 000 тг) бұйырса, ІІІ орынды Батыр ауылдық «NUR-ISLAM» мешітінен Азаматұлы Юсуф (20 000 тг) иеленді.
Қатысушыларға сертификатттар табысталып, мерекелік дастарқан жайылды.