ІЛЕ АУДАНЫ: «ПӘТУА САҒАТЫ» ӨТТІ
Алматы облысы, Іле ауданында ауданның бас имамы Дархан Аманұлының тапсырмасымен жергілікті мешіттерде (Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешіті, Көкқайнар ауылдық мешіті, Қарой ауылы Омарбек мешіті, Батыр ауылы Нұр-ислам мешіті, Көкқайнар ауылы Зейнолда мешіті) әр аптаның жұма намазынан кейін аудан бойынша «Шариғат және пәтуа» бөліміне жауапты Нүсіпбеков Еркін имам жамағатқа «Пәтуа сағаттар» өткізді.
Пәтуаның маңыздылығы, жауапкершілігі жайында айтып, егерде білімсіз пәтуа беретін болса, оның күнәсі пәтуа берушіге де баратының толық түсіндіріп өтті. Жамағат тарапынан туындаған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.