preloader

Жаңалықтар

Іле ауданы: Қарттар үйіне зиярат жасалды

Іле ауданы: Қарттар үйіне зиярат жасалды

Алматы облысына қарасты Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітің ұжымы «Саудакент» қарттар үйіне барды.

Іле ауданының бас имамы және мешіт ұстазы Аринова Мариямның ұйымдастыруымен қарттар үйіндегі 25 ер және 19 әйел адамға ақ дастарқан жайылып, арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Көңілдері көлдей шалқыған мекеме тұрғындары дін қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.