preloader

Жаңалықтар

Іле ауданы: Құран курсының кезекті дәрісі өтті

Іле ауданы: Құран курсының кезекті дәрісі өтті

ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен Құран курсының ұстаздары Іле ауданының дін қызметкерлері үшін дәріс жүргізді.

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының тапсырмасына орай өңіріміз бойынша діни оқу-ағарту бағытына жауапты имам Сакен Еншібайұлының ұйымдастыруымен Абдухалық қари Абдумажитұлы, Құрманбек қари Қаманат және Хұсниддин қари Акбарұлы сияқты білікті мамандар жергілікті имамдармен кездесіп, 2 айлық Құран курсының кезекті сабағын офлайн форматта өткізді. Дәріс жарты пара, 1 пара және 2 пара болып үш деңгейде жүргізілді.

Діни рәсімдерді атқарудағы бірізділікті қалыптастыру мақсатында өткізіліп жатқан курс барысында имамдар тәжуид ережелері, махраж, діни рәсімдер кезінде оқылатын дұғалар мен Құран сүрелерін жаттап, курс соңында емтихан тапсырады деп күтілуде.