ІЛЕ АУДАНЫ: РАЗАМАН АЙЫ ҚАРСАҢЫНДА ҚАРТТАР ҮЙІНЕ ЗИЯРАТ ЖАСАЛДЫ
Алматы облысы, Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы және жергілікті «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Аринова Мариям ұстаздың ұйымдастыруымен, жамағаттың қолдауымен қарттар үйіне зиярат жасалды. ҚМДБ-ның Рамазан айында жан-жақты қамту мақсатында өткен шарада Дархан Аманұлы қарттарды рамазан айымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Қарттарға арнайы ауыз ашарға ақ дастарқан жайылды. Көңілдері көлдей шалқыған мекеме тұрғындары дін қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.