preloader

Жаңалықтар

Іле ауданы: «Зияткер имам» тақырыбында семинар өтті

Іле ауданы: «Зияткер имам» тақырыбында семинар өтті

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының тапсырмасына орай Іле ауданының дін қызметкерлеріне арналған «Зияткер имам» атты семинар ұйымдастырылды.

Имамдарың білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараның шымылдығын аудан бас имамы Дархан Аманұлы ашып, сөз кезегін облысымыз бойынша діни оқу-ағарту бағытына жауапты маман Сакен Еншібайұлына сөз берді.

Өз кезегінде Сакен Еншібайұлы имамдарға жоғары діни біліммен қатар халықпен тіл табысу шеберлігі, іскерлік сияқты қабілеттердің қажет екендігіне тоқталып, «Зияткер имам» құжатында келтірілген дін қызметкерінің бейнесі заман талабы екендігін айтып өтті.

Алдағы уақытта имамдардың білімін көтеру мақсатында түрлі курстар мен семинарлар жүзеге асатын болады.