preloader

Жаңалықтар

Іле ауданында бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Іле ауданында бір ауыл ішімдіктен бас тартты

ҚМДБ тарапынан бекітілген «Ізгі қоғам» бағытының жылдық жоспарындағы «Ішімдіктен бас тартқан ауыл» атты жобасы Алматы облысы Іле ауданына қарасты Ақши ауылында жалғасын тапты.

Жергілікті мешіт қызметкерлері және ауыл ақсақалдарының насихат жүргізуінің арқасында Ақши елді мекеніндегі дүкендерде (16 сауда орны) ішімдік сату толығымен тоқтатылды.

Осыған орай «Ізгі қоғам» бағытының Алматы облысы бойынша жауапты маманы Дархан Аманұлы Ақши ауылының дүкендерін аралап, сатушылардың кәсіптеріне береке тіледі. Бұдан бөлек Дархан Аманұлы осынау игі бастамаға үлес қосқан ауыл ақсақалдарына алғыс айтты.