Іле ауданында ерекше балаларға арналған қайырымдылық шара өтті
Алматы облысы, Іле ауданы, Н.Тілендиев ауылы «Сманқұл» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Рамазан айына арналған жоспарына сәйкес ерекше балалар мен толық емес отбасы балаларына арналған «Рамазан – қайырымдылық айы» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Шараның басты мақсаты – қасиетті Рамазан айында мейірім мен қамқорлықты арттырып, ерекше балаларға қуаныш сыйлау. Кездесу барысында балаларға арнайы дастархан жайылып, түрлі рамазан тәттілері таратылды. Сонымен қатар шараға қолдау көрсеткен мешіт жанашырлары мен цирк әртістері балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. Ізгі шара соңында ұйымдастырушылар балаларға сыйлықтар табыстап, игі іске атсалысқан барша демеушілер мен мешіт жанашырларына алғыс білдірді.



