preloader

Жаңалықтар

Іле ауданында «Ислам және адал қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Іле ауданында «Ислам және адал қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2026 жылды «Ислам және адал қоғам» жылы деп жариялауына орай, «Дәстүр және отбасы» бағыты аясында Алматы облысы Іле аудандық орталық Сәбденұлы Өтеген батыр мешітінің ұйымдастыруымен аудандық Нұрғиса Тілендиев атындағы мәдениет үйінде «Ислам және адал қоғам» тақырыбында ауқымды дөңгелек үстел өтті.

Игі шараға Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Абдрахманов Мейрамбек Ақылбекұлы, Іле аудандық Сәбденұлы Өтеген батыр мешітінің бас имамы Сүлейменов Талғат Абайұлы, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағалары мен «Асыл ана» қауымдастығының төрайымдары және жергілікті зиялы қауым өкілдері арнайы қатысты.

Жиын барысында қатысушылар қоғамда адалдық құндылықтарын қалыптастыру, отбасы тәрбиесінің маңызы, ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтарды дәріптеу мәселелері төңірегінде ой-пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, адал қоғам қалыптастыру жолында дін мен дәстүр сабақтастығын нығайтып, бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу соңында қатысушылар мұндай тағылымды басқосулардың қоғамдағы бірлік пен рухани құндылықтарды нығайтуға зор үлес қосатынын жеткізді.