preloader

Жаңалықтар

Іле ауданында «Ислам және ұлттық дәстүр – Адал қоғам қос тірегі» атты тағылымды іс-шара өтті

Іле ауданында «Ислам және ұлттық дәстүр – Адал қоғам қос тірегі» атты тағылымды іс-шара өтті

2026 жылдың 13 сәуірінде Алматы облысы Іле ауданына қарасты Байсерке ауылындағы “Хайыр-Ихсан” мешітінде «Ислам және ұлттық дәстүр – Адал қоғам қос тірегі» атты мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды.

Аталған жиынға Іле ауданы Аналар кеңесінің төрайымдары, Байсерке аумағының әйелдер қауымы, «Amanat» партиясының мүшесі Талғат Бірімжанов, аудан және ауыл ақсақалдары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Сонымен қатар, Іле ауданының бас имамы Сүлейменов Талғат Абайұлы, дін мен дәстүр бағыты бойынша бас маман Ақылбек Ербатырұлы және Байсерке ауылы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Гүлназ Зейнелқабиденқызы арнайы қатысып, мазмұнды баяндамалар жасады.

Іс-шара барысында қазақ халқының рухани болмысымен біте қайнасқан дін мен дәстүрдің өзара сабақтастығы кеңінен түсіндірілді. Спикерлер дін мен дәстүрдің халқымыз үшін ажырамас ұғымдар екенін атап өтіп, оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайтынын нақты мысалдар мен дәйектер арқылы жеткізді.

Семинар жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан зор қолдауға ие болды. Жиын соңында қонақтар дастархан басында еркін пікір алмасып, іс-шараның маңыздылығын ерекше атап өтті.

Аталған тағылымды іс-шара Іле ауданы Аналар кеңесінің төрайымы Жұманиязова Бақытгүл және мешіттің бас имамы Ерқанат Серікұлының ұйымдастыруымен өткізілді.