Іле ауданында «Рамазан – Құран айы» атты аудандық Құран сайысы өтті
Алматы облысы, Іле ауданында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Рамазан айына арналған жоспарына сәйкес аудан имамы Талғат Абайұлының ұйымдастыруымен «Рамазан – Құран айы» атты аудандық Құран сайысы өтті. Сайыс Іле ауданындағы мешіттерде тәлім алып жүрген жасөспірім шәкірттер арасында ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – қасиетті Рамазан айында Құран оқуға деген ынтаны арттыру, жастардың Құранға деген сүйіспеншілігін күшейтіп, олардың діни білімге деген қызығушылығын дамыту. Байқауға аудан бойынша 16 жасқа дейінгі 40-қа жуық шәкірт қатысып, өзара бақ сынады. Сайыс нәтижесінде үздік деп танылған үш қатысушы жүлделі орындарға ие болды.
І орын иегеріне – велосипед,
ІІ орын иегеріне – нан пісіргіш (нан пегі),
ІІІ орын иегеріне – блендер сыйға тартылды.
Сонымен қатар сайысқа қатысқан барлық шәкірттерге ынталандыру сыйлықтары табысталды. Аталған шараның өтуіне демеушілік көрсеткен Екпінді ауылдық мешітінің имамы Жақсылық имамға және мешіт жанашырларына ұйымдастырушылар алғыс білдірді.



