Іле ауданында шағын футболдан аудандық турнир өтті
Алматы облысы, Іле ауданына қарасты Төлеби ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен жастар арасында шағын футболдан аудандық турнир өтті.
Спорттық шараға Іле ауданының бас имамы Талғат Абайұлы, Ащыбұлақ ауылдық округі ардагерлер ұйымының төрағасы Даулетбай Джамалбеков және жергілікті қоғамдастық кеңесінің төрағасы Ералы Оңалбай қатысып, жарысқа қолдау білдірді. Қонақтар қатысушыларға ізгі тілектерін жеткізіп, жастардың спортпен шұғылдануының және салауатты өмір салтын ұстануының маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде ауданның бас имамы Талғат Абайұлы турнирдің басты мақсаты — жастарды салауатты өмір салтына баулу, спортқа деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру екенін жеткізді.
Турнирге Ащыбұлақ ауылдық округінен бес команда қатысып, өзара бақ сынады. Тартысты өткен жарыс нәтижесінде жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
І орын — Жәпек батыр ауылының командасы (50 000 теңге);
ІІ орын — Төлеби ауылының жастары (30 000 теңге);
ІІІ орын — Төлеби ауылы мектебінің оқушылары (20 000 теңге).
Жарыс барысында командалар өздерінің шеберліктері мен ұйымшылдықтарын көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар табысталды.
Осындай игі бастаманың жүзеге асуына қолдау көрсеткен «Ази» спорт кешеніне, футбол алаңын ұсынғаны үшін және жарыстың жүлде қорына үлес қосқан барша демеушілерімізге шынайы алғысымызды білдіреміз.
Жастарды ізгілікке, бірлікке және салауатты өмір салтына үндейтін мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба берсін!


