Іле ауданындағы «Екпінді» ауылдық мешітінде «Исламдағы бала тәрбиесі» тақырыбында семинар өтті
Алматы облысы, Іле ауданына қарасты «Екпінді» ауылдық мешітінде исламдағы бала тәрбиесінің маңызына арналған семинар өтті. Тағылымды шара барысында Дәстүр және отбасы бағытына жауапты маман Ақылбек Ербатырұлы мен мешіт имамы Жақсылық Жарылқасын сөз сөйлеп, бала тәрбиесіндегі ислам құндылықтарының орнына тоқталды. Семинарда балаға дұрыс тәрбие берудің маңыздылығы, ата-ананың ұрпақ алдындағы жауапкершілігі және отбасындағы рухани ортаның бала мінезінің қалыптасуына әсері сөз болды. Сонымен қатар жас ұрпақты имандылыққа, әдептілікке, үлкенді құрметтеуге, кішіге ізет көрсетуге және адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге баулудың маңыздылығы түсіндірілді.
Ақылбек Ербатырұлы бала тәрбиесінде ұлттық дәстүр мен ислам құндылықтарының сабақтастығына назар аударса, мешіт имамы Жақсылық Жарылқасын ата-ананың балаға үлгі болуы, отбасындағы тәрбие мен рухани құндылықтарды сақтаудың маңызын атап өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – ата-аналарға исламдағы бала тәрбиесінің мәнін түсіндіру, отбасы құндылықтарын дәріптеу және жас ұрпақты ізгілік пен имандылыққа тәрбиелеуге бағыт беру.
Тағылымды кездесу қатысушыларға бала тәрбиесіне қатысты маңызды ой салып, отбасыдағы рухани тәрбиенің маңызын тағы бір мәрте айқындады.


