ІЛЕ АУДАНЫНДА ТОЙ ЖӘНЕ ҚҰДАЙЫ АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ НАСИХАТТАЛДЫ
Алматы облысы Іле ауданы М. Түймебай ауылындағы «Исмайл ибн Ибраһим» мешітінде «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» және «Той – тәрбие мен тағылымның ордасы» тақырыптарында рухани семинар өтті.
Іс-шара мешіттің бас имамы Таленов Нұрбол Мақсұтұлы мен наиб имам Әбдікәрім Рахманәлі Әбдуәліұлының ұйымдастыруымен өтті. Семинарға арнайы спикер ретінде «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша жауапты маман Ақылбек Алтынсариев қатысып, баяндама жасады. Ол ұлттық салт-дәстүр мен ислам құндылықтарының сабақтастығына тоқталып, той және құдайы ас беру мәдениетін қалыптастыру, ысырапшылдық пен орынсыз бәсекелестіктің алдын алу мәселелерін түсіндірді. Рухани кездесуге ауыл тұрғындары, Ащыбұлақ ауылдық округі Аналар кеңесінің мүшесі, зейнеткер ұстаз Патта Баширахан Шайыхқызы және мешіттің сауат ашу орталығының шәкірттері қатысты.



