preloader

Жаңалықтар

Бас имам Іле ауданының әкімімен кездесті

Бас имам Іле ауданының әкімімен кездесті

ҚМДБ-ның Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы Іле ауданына арнайы іс-сапармен барды. Аталмыш сапар барысында бас имам Іле ауданының әкімі Қарасаев Бағдат Әбілмәжінұлымен кездесті.

Мадияр Тағайбайұлы бастаған дін қызметкерлерін жылы шыраймен қабылдаған Бағдат Әбілмәжінұлы жергілікті имамдардың ауданның рухани өміріне қосқан үлесінің ерекше екендігін атап өтті. Бұдан бөлек аудандағы діни ахуал мәселесі, мешіттердің жағдайы сияқты бірқатар мәселелер сөз болды.

Кездесу соңында облыс бас имамы аудан басшысына ҚМДБ тарапынан жарық көрген «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын сыйға тартты.