preloader

Жаңалықтар

Іле ауданының бас имамы студенттерге насихат айтты

Іле ауданының бас имамы студенттерге насихат айтты

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында ұйымдастырылған кезекті көшпелі жиналыс барысында Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы Есік медициналық колледжінде өткен шараға қатысты.

«Лудомания зардабы» тақырыбында өткен кездесу барысында Дархан Аманұлы студент жастармен сұхбат құрып, құмар ойындардың адам баласының нәпсісіне жеңіл тиіп, еліктіргенімен, зардабы ауыр, үлкен күнәларға алып келер кесапаты бар екендігін еске салып, бұндай әрекеттен аулақ болуға шақырды.