preloader

Жаңалықтар

Іле ауданының дін қызметкерлері бір айлық онлайн курсты тәмәмдады

Іле ауданының дін қызметкерлері бір айлық онлайн курсты тәмәмдады

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының тапсырмасына орай «Бір айда бір кітап» жобасы аясында Іле ауданының дін қызметкерлеріне «Шәмәил Мұхаммадия» кітабы бойынша бір айлық онлайн курс өтті.

Курстың соңғы күні Іле ауданына қарасты КазЦик ауылындағы «Әділхан» мешітінде имамдарға «Шәмәил Мухаммадия» кітабы бойынша сайысқа түсті.

Шараның басында Алматы облысы бойынша діни оқу-ағарту бағытына жауапты имам Сакен Еншібайұлы қатысушыларға бір айлық курстың негізгі мақсатын түсіндірсе, Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы сайыстың шарттарын айтып берді. Өз кезегінде Алматы облысының заңгері Даулетияр Сағитжан имамдарға сәттілік тілеп, батасын берді.

Аталған сайысқа 30 имам қатысты. Нәтижесінде І орынды Комсомол ауылдық мешітінің ұстазы Сүлейменов Бақытжан иеленіп, облыстық жарысқа жолдама және 100 000 тг ақшалай сыйлықты жеңіп алды. ІІ орын Али ауылдық мешітінің имамы Кенжебай Осыманға (70 000 тг), ал ІІІ орын Н. Тілендиев ауылдық «Сманқұл» мешітінің наиб имамы Ұзыханов Серікханға (50 000 тг) бұйырды.

Шара соңында дін қызметкерлері мен қонақтарға арналып ақ дастарқан жайылды.