preloader

Жаңалықтар

Іле ауданының мешіттері жылды қорытындылады

Іле ауданының мешіттері жылды қорытындылады

Алматы облысына қарасты Іле ауданының құлшылық үйлері 2023 жылдың қорытынды жиналысын өткізді.

Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінде өткен шара барысында дін қызметкерлері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бекітілген бес бағыт аясында және жыл бойы атқарылған өзге де жұмыстар бойынша егжей-тегжейлі есеп беріп, презентациялар көрсетті.

Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы имамдардың есептерін тыңдап, ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынып, келесі жылдың жұмыс жоспарына қатысты бірқатар мәселелер қозғалды.

Жиын соңында Дархан Аманұлы Қонаев қаласының «Құрметті азаматы» Алдажар Сейітұлына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатын табыстап, иығына шапан жапты.

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының алғыс хатын Баченов Асқар имамға, ал «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлының алғыс хатын Иманберлинов Нұртай имамға табыс етті.

Жасы үлкен имамдарға да аудан бас имамының алғыс хаты табыс етіліп, үстеріне шапан жабылды.

Қызмет барысында жоғары нәтиже көрсеткен Батыр ауылдық «Нұр-Ислам» мешітінің имамы Ментаев Әлішер «Үздік имам-2023» атанса, Боралдай кенті Водник-2 ы/а «Арын қажы» мешітінің наиб имамы Құдайбергенов Шохан «Үздік наиб имам-2023», Боралдай кенті Водник-2 ы/а «Арын қажы» мешітінің ұстазы Бувраев Хұсниддин «Үздік ұстаз-2023» деп танылды.

Бұл дін қызметкерлеріне Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының алғыс хаты және 30 000 теңгелік сертификаттар табысталды.

Сондай-ақ, жергілікті әйел ұстаздарға да аудан бас имамының алғыс хаты және 20 000 теңгелік сертификаттар берілді.

Жиын соңында ақсақалдар бата беріп, дін қызметкерлеріне ақ дастархан жайылды.