preloader

Жаңалықтар

Имам — ел руханиятының тірегі

Имам — ел руханиятының тірегі

Алматы облысында діни қызмет сапасын арттыру мақсатында кезекті маңызды қадам жасалды. Облысқа қарасты 9 аудан мен 2 қаладан келген 54 дін қызметкері С санатындағы имамдарға арналған біліктілік емтиханына қатысып, білім деңгейін сынақтан өткізді.

ҚМДБ Оқу-ағарту бөлімі бекіткен бағдарлама негізінде үміткерлер Құран, ислам ғибадаты мен хадис пәндерінен ауызша емтихан тапсырды. 4,5 балл жинаған имамдар С санатындағы мәртебеге лайық деп танылды. Ал межеге жете алмаған дін қызметкерлеріне білімін әрі қарай шыңдау ұсынылды.

Бұл бастама — имамдардың кәсіби деңгейін көтеріп, мешіттерде көрсетілетін діни қызмет сапасын жаңа белеске шығару жолындағы игі қадам. Себебі бүгінгі имам — қоғамның рухани көшбасшысы, тәрбие мен тұтастықтың темірқазығы.

Емтихан комиссиясының құрамында облыстық “Қапшағай” мешітінің наиб имамдары Серік Мағаз бен Әбдіқадыр Ақжол, сондай-ақ Алматы облысының оқу-ағарту бағытына жауапты маман Сакен Еншібайұлы болды.

Айта кетейік, мұндай емтихандар алдағы уақытта да тұрақты өткізіліп, діни кадрлардың сапалық құрамын арттыруға ерекше мән берілмек.