preloader

Жаңалықтар

Қарасай ауданы: Имамдар алғыс хаттармен марапатталды

Қарасай ауданы: Имамдар алғыс хаттармен марапатталды

ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкілдігіне қарасты Қарасай ауданының бірқатар дін қызметкері алғыс хаттармен марапатталды.

Атап айтқанда 5 жұмыс бағыты бойынша жоғары нәтиже көрсеткен Қаскелең қаласы «Ихлас» мешітінің бас имамы Жұмахан Абдулқадырұлы «Үздік имам» атанса, Ақсеңгір ауылдық «Сәтімбай» мешітінің имамы Мұрат Нұратдинұлы «Іскер имам», ал Үштерек ауылдық мешітінің имамы Қызырғазы Мәлікұлы «Қаламгер имам» деп танылды.

Шара барысында Қарасай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлы Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының алғыс хатын Жұмахан Абдулқадырұлы мен Райымбек ауылындағы «Қажы Зуһа батыр-қажы Арслан» мешітінің имамы Құдірет Рақымкелдіге табыс етті.

Бұдан бөлек, Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Тоққажаұлының алғыс хаты ағартушылық және әлеуметтік бағыттағы атқарған жұмыстары үшін «Қаскелең-5» мешітінің имамы Саидахмад Құрбанұлы, Қызырғазы Мәлікұлы және Мұрат Нұратдинұлына берілді.