preloader

Жаңалықтар

Имамдар біліктілігін арттыру – рухани дамудың берік негізі

Имамдар біліктілігін арттыру – рухани дамудың берік негізі

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының “Оқу-ағарту” бағыты аясындағы жылдық жоспар жүйелі түрде жүзеге асуда. Алматы облысы өкілдігі имамдар мен ұстаздардың діни және рухани біліктілігін арттыру ісін кезең-кезеңімен қолға алып келеді.

Біліктілікті арттыру бағдарламасы A, B, C санаттары бойынша жүргізілуде. Соның ішінде C санаты бойынша білім алған ауыл имамдары мен ұстаздарына Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы арнайы сертификаттар табыстады.

Жалпы саны 50 дін қызметкері кәсіби білімдерін жетілдіріп, келесі кезең – емтиханға тыңғылықты дайындықты бастап кетті. Бұл — ел ішіндегі діни қызмет сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам.