preloader

Жаңалықтар

Имамдардың біліктілігін арттыруға арналған 3 күндік курс аяқталды

Имамдардың біліктілігін арттыруға арналған 3 күндік курс аяқталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының ұйымдастыруымен Нұр-Мүбарак университетінде діни оқу-ағарту бағыты бойынша дін қызметкерлерінің білімін жетілдіруге арналған курс өз мәресіне жетті.

3 күн бойы имамдарға Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, исламтанушы Қайрат Құрманбаев, дінтанушы, профессор Алау Әділбаев, исламтанушы, PhD доктор Ерғали Алпысбаев және дінтанушы Ернар Есімқұлов сынды білімді һәм білікті ұстаздар хадис ілімі, Ханафи мәзһабының негіздері, фиқһ және Ислам тарихы пәндерінен дәрістер оқыды.

Курс соңында Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы және Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, ғалым Қайрат Қалмырзаұлы имамдарға арнайы сертификаттарды табыстай отырып, оларды алдағы уақытта да білімдерін шыңдауға шақырды.