preloader

Жаңалықтар

«30 күнде 30 баспана»: Имамға қызметтік баспана берілді

«30 күнде 30 баспана»: Имамға қызметтік баспана берілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен «30 күнде 30 баспана» республикалық акциясының сегізінші баспанасы Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында табысталды.

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған игі бастаманың кезекті шарасында Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы республика бойынша 728-ші үйдің кілтін Қарасай ауданы Шамалған ауылдық «Жеткербай ата» мешітінің имамы, көпбалалы әке Бегасыл Дінасылбекұлына қызметтік пәтер ретінде табыс етті.

Дін қызметкерлері де, баспаналы болған отбасы да мейірімділікке үндейтін берекелі жобаның жүзеге асуына атсалысып, демеушілік көрсеткен ағайынды Серік және Берік Жеткербайұлдарына алғысын білдірді.

Айта кетейік, берекелі айдағы «30 күнде 30 баспана» акциясы «Ел үлесі –  пәтерге» республикалық жобасы аясында еліміздің барлық өңірінде өткізілуде.