preloader

Жаңалықтар

«Имани жаз-2023» сауат ашу курсы аяқталды

«Имани жаз-2023» сауат ашу курсы аяқталды

Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде маусым айының басында басталған «Имани жаз – 2023» жазғы сауат ашу курсы мәресіне жетіп, өз жұмысын ойдағыдай аяқтады.

Салтанатты шараға облыстық орталық мешіт наиб имамы Ринат Маратұлы, құлшылық үйінің ұстаздары Дәурен Әлікенұлы, Адал Арманұлы, Сундус Сабыржанқызы және Зайнаб Сатылхан қатысып, шәкірттерге сертификат табыстап, Құран Кәрім кітабын сыйға тартты. 

Айта кетейік, биылғы жылы «Қапшағай» мешіті ұйымдастырған жазғы сауат ашу курсына 100-ге жуық шәкірт қабылданған болатын. Бала шәкірттер «Құран әліппесі» және «Имандылық әліппесімен» танысып, діни сауатын ашты.