preloader

Жаңалықтар

«Ислам – ізгілік діні» атты облыстық семинар өтті

«Ислам – ізгілік діні» атты облыстық семинар өтті

ҚМДБ-ның Алматы өңірі бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Балқаш ауданына қарасты Топар ауылында «Ислам – ізгілік діні» атты облыстық семинар өтті.

Алқалы жиынға Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Ринат Маратұлы, «Ізгі қоғам» бағыты бойынша жауапты дін қызметкері Дархан Аманұлы, Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы, ақсақалдар қауымы мен ауыл тұрғындары қатысты.

Алғаш болып сөз алған Ринат Маратұлы жиналған қауымға Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының ыстық сәлемін жеткізіп, «Ислам – ізгілік діні» атты уағыз-насихат айтты.

Дархан Аманұлы болса «Ізгі қоғам» бағыты жайында кеңінен мәлімет беріп, семинар тақырыбын егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті.