«Ислам және адал қоғам» аясында зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті
Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы «Ислам және адал қоғам» тақырыбы аясында Талғар ауданы зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында бас имам «Ислам және адал қоғам» бастамасының маңыздылығын түсіндіріп, қоғамдағы адалдық, жауапкершілік, рухани тазалық қағидаттарын кеңінен насихаттау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасының сәлемін жеткізді. Жиынға Алматы облысы Дін істері басқармасы өкілі Ерғали Ақылбекұлы қатысып, дін саласындағы заң талаптары мен тәртіп нормалары туралы баяндама жасады.
Кездесу барысында Талғар ауданы әкімінің орынбасары Айбек Дүйсембекұлы сөз алып, рухани бағыттағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, жиын қатысушылары атынан облыстың бас имамына сөз кезегін ұсынды.
Шара барысында қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту, жастар тәрбиесі, дін мен дәстүр сабақтастығы мәселелері жан-жақты талқыланды. Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, алдағы уақытта бірлескен жұмыстарды жалғастыруға уағдаласты.



