«ИСЛАМ ЖӘНЕ АДАЛ ҚОҒАМ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Алматы облысындағы Үшкемпірұлы Жақсылық мешітінде қыз-келіншектерге арналған «Ислам және адал қоғам» тақырыбында рухани-ағартушылық семинар өтті.
Іс-шараға арнайы қонақ ретінде Алматы облысы бойынша ҚМДБ Әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы ұстаз қатысып, тақырып аясында тағылымды дәріс жүргізді.
Семинар барысында ислам құндылықтары, адалдық, отбасы тәрбиесі және қоғамдағы әйелдің жауапкершілігі жөнінде кеңінен сөз қозғалды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, пайдалы мағлұматтар алды.
Рухани кездесуді мешіт ұстазы Мариям Әбдіжамалқызы ұйымдастырды.
Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, көкейлеріндегі сауалдарға жауап алды. Мұндай тағылымды кездесулер жамағаттың діни сауатын арттырып, ізгілік пен адамгершілік құндылықтарын насихаттауға бағытталған.


