«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Алматы облысы имамдарының көшпелі жиналысы өтті
«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Алматы облысы имамдарының кезекті көшпелі жиналысы Алатау қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи мешіті өтті. Аталған жиынға Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы арнайы қатысып, өңірдегі діни ахуал мен атқарылған жұмыстарды саралады.
Жиналыс барысында қасиетті Рамазан айында жүзеге асырылған іс-шаралар мен қайырымдылық жобалардың қорытынды есебі тыңдалды. Атап айтқанда, мешіттерде өткен ауызашарлар, қайырымдылық акциялары, мұқтаж отбасыларға көрсетілген көмек, сондай-ақ діни-ағартушылық бағыттағы жұмыстар кеңінен сөз болды.
Жиында бекітілген негізгі төрт бағытқа да айрықша мән берілді. Атап айтқанда, оқу-ағарту, уағыз-насихат, дәстүр және отбасы, сондай-ақ діни оңалту бағыттары бойынша атқарылатын жұмыстар пысықталып, әр бағыттың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
Имамдар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың бағыты айқындалды. Жиында қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту, жастар тәрбиесі, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау мәселелері де назардан тыс қалмады.
Жиын қорытындысында нақты тапсырмалар беріліп, алдағы жұмыстардың жоспары бекітілді.



