preloader

Жаңалықтар

«Ислам және дәстүр құндылығы» атты кездесу өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» атты кездесу өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Алматы облысына қарасты Іле аудандық кітапханасында тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

Шараға Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы, өңіріміз бойынша «Дін мен дәстүр» бағытына жауапты маман Ринат Маратұлы, жергілікті «Ақсақалдар кеңесі», «Аналар кеңесі» мүшелері және кітапхана қызметкерлері қатысты.

Ринат Маратұлы көпшілік алдында біздің халқымыздың рухани құндылықтары ата дініміз бен салт- дәстүріміздің терең тамырлы байланысының тағылымды туындысы екенін айтып өтіп, аталмыш екі ұғымның бірлігі – өткеніміздің тарихы, болашағымыздың кепілі екендігін түсіндірді.

Кездесуге қатысушы қазыналы ақсақалдар мен ақ жаулықты асыл аналар наиб имамның сөздерін мұқият тыңдап, осы бағыттағы жұмыстарға қатысты өз ұсыныс-пікірлерін айтты.