preloader

Жаңалықтар

«ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ СЕМИНАР ӨТТІ

«ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ СЕМИНАР ӨТТІ

ҚМДБ-ның Алматы облысы, Балқаш ауданына қарасты Бояулы ауылындағы «Молдақсым» мешітінде «Ислам және отбасы құндылығы» атты рухани тағылымы терең семинар өтті.

Алқалы жиынға Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Сүлейменов Талғат, «Ихсан және уағыз-насихат» бағытының жауапты қызметкері Махамбетов Ербол, Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы және ауыл имамдары қатысты.

Семинар барысында Ислам дінінің отбасы институтына қатысты көзқарасы, оның қоғамдағы орны мен маңызы кеңінен сөз болды. Отбасы – рухани тұтастықтың діңгегі екенін баса айтқан дін қызметкерлері, бұл құндылықтарды ұрпақ тәрбиесінде ұлықтап, дұрыс насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.

Тағылымды шара имамдар үшін рухани серпіліс пен ортақ жауапкершілікті сезінудің тамаша алаңына айналды.