«ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ЖЫЛЫ АЯСЫНДА АЛҒАШҚЫ АЛҚАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ
Алматы облысы, Райымбек ауданында аудан имамдарының “Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында алғашқы алқалы жиыны өтті.
Жиынға өңірдегі ауыл имамдары мен дін қызметкерлері қатысты. Іс-шарада бас имам ҚМДБ Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы жайлы баяндалды. Аудан имамы Азамат Бексұлтанұлы негізгі төрт бағыт бойынша барлық тапсырмаларды жоспарға сай орындауға көңіл бөлуді сұрады. Имамдардың алдында тұрған міндеттері мен атқарылатын нақты жұмыс жоспарына тоқталды.
Осы жиынды пайдалана отырып “Имамдардың тұлғалық келбеті” тақырыбында аудан имамдарына семинар оқылды.