ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖЫЛЫ АЯСЫНДА КҮРЕСТЕН ЖАРЫС ӨТТІ
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылындағы спорт кешенінде сүннетке сай күрестен жарыс өтті.
Ислам және отбасы құндылығы жылы аясында Альменбаев Ерубай Тлеужанұлының 80 жылдық мерей тойына орай жасөспірімдер арасында күрестен Республикалық жарыс өтті.
Спорттық іс-шарада Қарасай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлы сөз сөйлеп жас спортшыларға сәттілік тіледі. Аталған шара қазақы дәстүрмен ән шырқалып, домбырамен терме тартылып күй шырқалды.