preloader

Жаңалықтар

«Исламдағы әйел әдебі» тақырыбында семинар өтті

«Исламдағы әйел әдебі» тақырыбында семинар өтті

ҚМДБ-ның Алматы облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінде әйел жамағатына арналған «Исламдағы әйел әдебі» тақырыбында семинар өтті.

Танымдық шараның алғы сөзін Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы алып, Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының ыстық сәлемін жеткізіп, аталмыш шараның өңіріміздегі Әйел-қыздар секторының жылдық жоспарына орай жүзеге асып жатқанын атап өтіп, «Исламдағы әйел әдебі» туралы қысқаша баяндама жасады.

Осыдан кейін әйел ұстаздар «Исламдағы әйел әдебі» тақырыбы аясында сөз қозғап, кеңінен түсіндіріп өтті. Ұстаздардың баяндамалары арасында көріністер көрсетіліп, жамағатқа сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген қатысушыларға сыйлықтар табысталды.