preloader

Жаңалықтар

Бас имам «Кәусар» мектеп-интернатын зиярат етті

Бас имам «Кәусар» мектеп-интернатын зиярат етті

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы Қонаев қаласында орналасқан «Кәусар» мектеп-интернатына барып, мекеме тәрбиеленушілеріне қуаныш сыйлады.

«Шарапатты Рамазан» атты ізгі шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы және өңіріміздегі «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Ринат Маратұлы қатысты.

Пайғамбарымыздың «Кім Алла үшін бір жетімнің басын сипаса, қолы тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап алады» деген хадисі мен халқымыздың «Жетім көрсең жебей жүр» деген нақылын басшылыққа алған дін қызметкерлері балаларға түрлі тәттілер салынған «Рамазан тәттісі» қорапшаларын үлестірді.