preloader

Жаңалықтар

КЕГЕН АУДАНЫ: “АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ” НАСИХАТТАЛДЫ

КЕГЕН АУДАНЫ: “АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ” НАСИХАТТАЛДЫ

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің 2024-жылғы бағдарлы баяндамасына сәйкес <Ас беру мәдениеті> құжатын насихаттау мақсатында Алматы облысы Кеген ауданында жиын өтті.

Кеген ауданының бас имамы Әзім Сатыбалдыұлының ұйымдастыруымен өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Кеңес Күнеспайүлы, аудан депутаттары, Кеген ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы, Әйелдер кеңесінің төрайымы, ауыл әкімдері, ауыл ақсақалдар алқасы, жігіт басылары, және ауыл имамдарымен бөлім басшылары қатысты. Ауқымды шарада Ас беру мәдениеті жөнінде бас имам баяндама жасап, ысырап Алла сүймейтін іс екендігін жеткізді. Жиынға қатысушылар бір ауыздан мүфтият бастамасын қолдап, алдағы уақытта осы шараға сай әрекет жасауға келісті.