preloader

Жаңалықтар

Кеген ауданы: Құран курсының кезекті дәрісі өтті

Кеген ауданы: Құран курсының кезекті дәрісі өтті

ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен Құран курсының ұстаздары Кеген ауданының дін қызметкерлері үшін дәріс жүргізді.

Шараның басында Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының тапсырмасына орай Бектұр қари мен Өркен қари сияқты білікті мамандар жергілікті имамдармен кездесіп, онлайн және офлайн форматта жүріп жатқан 2 айлық Құран курсының кезекті сабағын өткізді.

Діни рәсімдерді атқарудағы бірізділікті қалыптастыру мақсатында өткізіліп жатқан курс барысында имамдар тәжуид ережелері, махраж, діни рәсімдер кезінде оқылатын дұғалар мен Құран сүрелерін жаттап, курс соңында емтихан тапсырады деп күтілуде.