preloader

Жаңалықтар

Кеген ауданына жаңа бас имам тағайындалды

Кеген ауданына жаңа бас имам тағайындалды

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы жұмыс сапарымен Кеген ауданында ​ болды.​

Жұма намазының алдында​ облыс бас имамы​ Мадияр Тағайбайұлы құлшылық үйінің ұжымы және жамағатына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, жаңадан тағайындалған аудан имамы Рахматулла Моллақанағатұлын таныстырып,​ қызметіне сәттілік тіледі.​ Сондай-ақ, облыс бас имамы бірнеше жыл бойы​ Кеген ауданының бас имамы болып қызмет атқарған​ Сығаев Асқар Сатыбалдыұлына​ алғыс айтып, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты.

Облыс бас имамы​ Мадияр Тағайбайұлы көпшілікті келе жатқан Құрбан айт мерекесімен құттықтап, «Қасиетті Құрбан айт – ұлық мереке» тақырыбында жұма уағызын айтты.