preloader

Жаңалықтар

ҰЙҒЫР АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ

ҰЙҒЫР АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ

Алматы облысының Ұйғыр аудандық мешітінде «Ислам және адал қоғам» жылы аясында «Кітап оқитын ұлт» жобасы бойынша мешіт жамағаттары арасында «Бабалар ізімен» кітабынан облыстық білім сайысы өтті.

Білім додасына Алматы облысының әр ауданынан келген мешіт жамағаттары қатысып, аталған еңбектің мазмұны бойынша өз білімдерін сынға салды. Сайыстың негізгі мақсаты – жамағат арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, діни-танымдық білімді жетілдіру, ата-бабаларымыздың рухани мұрасын дәріптеу және ұлттық құндылықтарды насихаттау.

Білім сайысының қорытындысы бойынша төмендегі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:

  • І орын – Жұмағалиев Қайрат (Еңбекшіқазақ ауданы);
  • ІІ орын – Ниязбеков Бекзат (Ұйғыр ауданы);
  • ІІІ орын – Дайыров Ерғазы (Жамбыл ауданы).

Аталған білім сайысы мешіт жамағаттарының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, рухани ізденісін қолдауға және аудандар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталды.