КІШІ ҚАЖЫЛЫҚҚА ТАҒЫ БІР ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Алматы облысы, Қарасай ауданы, «Жақсылық Үшкемпірұлы» мешітінде жергілікті шәкірттер арасында Құранға қатысты діни-танымдық сұрақ-жауап сайысы өтті.
Шараның алғы сөзін алған Қарасай ауданының бас имамы Дауренбек Жандосұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, береке тіледі. Мешіт имамы Құдайбергенұлы Шохан сайыстың мақсатын және шарттарын түсіндірді.
Жарыс нәтижесі бойынша І орынды Ерғалиев Бекболат иеленіп, ұмраға (кіші қажылыққа) жолдаманы ұтып алды. ІІ орын Толебаев Арыстан (200 000 тг) бұйырса, ІІІ орынды (100 000 тг) иеленді. Жалпы шараға 35 шәкірт қатысты. Демеушілік еткен Жақсылық Үшкемпірұлы ағамыздың әулетіне алғыс айтамыз. Сайыс соңында Қарасай ауданының бас имамы Дауренбек Жандосұлы жиналған қауымға бата беріп, дұға жасады.