preloader

Жаңалықтар

«Көңілдердің төрінен орын алған – Мұхаммед» атты Мәуліт кеші өтті

«Көңілдердің төрінен орын алған – Мұхаммед» атты Мәуліт кеші өтті

Алматы облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызының ұйытқы болуымен «Көңілдердің төрінен орын алған – Мұхаммед» атты Мәуліт кеші өтті.

Шара шымылдығы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің орындауындағы «Адай» күйімен ашылды.

Қарасай ауданы бас имамы Дәуренбек Жандосұлы кеш қонақтарын Мәулітпен құттықтап, аталған айдың қадір қасиеті туралы насихат айтты.

Осыдан кейін облыс ұстаздары жамағатпен бірге ардақты пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) арнау оқып, өз өнерлерін ортаға салды.