preloader

Жаңалықтар

Конституция күніне орай Жамбыл ауданында мешіт жамағаттары арасында футбол турнирі өтті

Конституция күніне орай Жамбыл ауданында мешіт жамағаттары арасында футбол турнирі өтті

2025 жылғы 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Жамбыл аудандық «Шынасыл» мешітінің бас имамы Бақыт Абдиисламұлының бастамасымен, «Жастар ісі секторы» бағыты аясында аудан мешіттерінің жамағаттары арасында шағын футболдан достық турнир ұйымдастырылды.Турнирдің негізгі мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау, саламатты өмір салтын насихаттау, мешіт жамағаты арасындағы бірлікті арттыру, сондай-ақ діни ұйымдардың қоғамдағы белсенділігін күшейту болды.Жарысқа аудан аумағындағы бірнеше ауыл мешіттерінен құралған командалар қатысып, алаңда әділ әрі тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жанкүйерлер өз командаларына қолдау білдіріп, сайыстың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосты.Жүлдегер командаларға дипломдар, медальдар және арнайы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар үздік ойыншылар да марапатталды. Нәтижесінде, Қарғалы ауылы Майбұлақ мешітінің жамағаты бірінші орынды иеленсе, екінші орын Ұзынағаш ауылдық мешітіне, ал үшінші орын Жамбыл аудандық «Шынасыл» мешітіне бұйырды.Шара соңында ақ дастархан жайылып, ұлттық құндылықтар насихатталды және тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін дұға жасалды. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табатыны күтілуде.