preloader

Жаңалықтар

Мәуліт кешінде 707-ші баспана кілті табысталды

Мәуліт кешінде 707-ші баспана кілті табысталды

ҚМДБ-ның Алматы облысындағы өкілдігі ұйымдастырған «Ізгі қоғам үлгісі – Әз Мұхаммед (с.ғ.с.)» атты рухани кеште ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы «Ел үлесі – пәтерге» жобасының 707-ші пәтер кілтін салтанатты түрде табыстады.

ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы облысындағы өкілдігі мен қайырымды жандардың көмегімен жиналған қаражатқа алынған пәтер кілтін көпбалалы ана Батталова Асылзатқа бұйырды.