preloader

Жаңалықтар

«Мәуліт сыйы»: 6 отбасыға қаржылай көмек берілді

«Мәуліт сыйы»: 6 отбасыға қаржылай көмек берілді

ҚМДБ-ның Алматы облысындағы өкілдігі ұйымдастырған «Ізгі қоғам үлгісі – Әз Мұхаммед (с.ғ.с.)» атты рухани кеште бірнеше отбасыға «Мәуліт сыйы» табысталды.

ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы сахна төрінде 6 отбасыға жалпы көлемі 1 миллион теңгені құрайтын қаржылай сертификаттарды табыс етіп, мейірімділік танытқан кәсіпкер азаматтарға және жамағатқа алғыс білдірді.