МАРҚҰМ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫ ЖАСАЛДЫ
Бүгін Алматы облысының орталық мешітінде еліміз үшін елеулі үлес қосқан марқұм дін қызметкерлерін еске алуға арналған Құран хатым дұғасы жасалды. Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ұйымдастырылған игі шараға Алматы облысы өкілдігі де үн қосып жұмада мағыналы уағыздар айтылып, жамағат бірігіп намаз оқыды. Бұған дейін қызмет еткен марқұм дін қызметкерлерінің есімдері аталып, Алла Тағаладан жарылқау тілеп, жатқан жерлері жайлы, жандары жәннатта болуына дұға етті. Айта кетейік, бүгінгі жұма күні республика бойынша 652 Құран хатым оқылып, марқұм болған дін қызметкерлерінің рухына бағышталды. Тағлымды шара еліміздің әр өңірінде өткізілді.