preloader

Жаңалықтар

«Мектепке жол – 2025» қайырымдылық шарасы Қарасай ауданында өтті

«Мектепке жол – 2025» қайырымдылық шарасы Қарасай ауданында өтті

Алматы облысы, Қарасай ауданында «Мектепке жол – 2025» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараға ҚМДБ Алматы облысының бас имамы Пірімқұлов Мадияр Тағайбайұлы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ол жас ұрпақтың білімді болып өсуінің маңыздылығына тоқталып, жаңа оқу жылында балаларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, демеушілік жасаған азаматтарға алғысын білдірді.

Қайырымды жандардың қолдауымен «Жанұя» балалар үйінің тәрбиеленушілері, Жібек жолы округіндегі 6 мектептің оқушылары, көпбалалы аналар мен жартылай және толық жетім балалар, сондай-ақ әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан барлығы 1150 оқушыға оқу құралдары салынған мектеп сөмкелері табысталды.

Бұл игі шара – жас буынға қолдау көрсетіп, олардың білімге деген құштарлығын арттыруға бағытталған ізгі қадам. Осындай қайырымдылық істері арқылы қоғамдағы ынтымақ пен бірліктің нығая түсетіні анық.